Басқару консолін әкімші жұмыс станциясына бөлек орнатуға және осы консоль арқылы желі бойынша Басқару серверін басқаруға болады.
Басқару консолін әкімшінің жұмыс станциясына орнату үшін:
Орнату үшін Kaspersky бағдарламалары таңдалатын терезе ашылады.
Шебердің жұмысы аяқталғаннан кейін, Басқару консолі әкімшінің жұмыс станциясына орнатылады.
Басқару консолін әкімші жұмыс станциясына тыныш режимде орнату үшін:
Distrib\Console
қалтасында келесі пәрменнің көмегімен setup.exe файлын іске қосыңыз:
setup.exe /s /v"EULA=1"
Басқару консолімен бірге Distrib\Console\Plugins
қалтасындағы барлық басқару плагиндерін орнатқыңыз келсе, келесі пәрменді орындаңыз:
setup.exe /s /v"EULA=1" /pALL
Басқару консолімен бірге Distrib\Console\Plugins
қалтасынан қандай басқару плагиндерін орнату керектігін білгіңіз келсе, "/p" кілтінен кейін басқару плагиндерін көрсетіп, оларды үтірлі нүктемен бөліңіз:
setup.exe /s /v"EULA=1" /pP1;P2;P3
Мұндағы P1
, P2
, P3
– Distrib\Console\Plugins
қалтасындағы басқару плагиндері қалталарының атауына сай келетін басқару плагиндері атауы. Мысалы:
setup.exe /s /v"EULA=1" /pKES4Mac;KESS;MDM4IOS
Басқару консолі және басқару плагиндері (егер олар көрсетілген болса) әкімшінің жұмыс станциясына орнатылады.
Басқару консолі орнатылғаннан кейін, Басқару серверіне қосылу керек. Ол үшін Басқару консолін іске қосып, ашылған терезеде Басқару сервері орнатылған құрылғының атауын немесе құрылғының IP мекенжайын, сондай-ақ оған қосылу үшін есептік жазба параметрлерін көрсету керек. Басқару серверімен байланыс орнатылғаннан кейін, осы Басқару консолі арқылы антивирустық қорғаныс жүйесін басқаруға болады.
Басқару консолін Microsoft Windows бағдарламаларын орнату және жоюдың стандартты құралдарымен жоюға болады.